Қазақстанның Аустрия мен Пәкістандағы жаңа елшілері тағайындалды

Қазақстанның Аустрия мен Пәкістандағы жаңа елшілері тағайындалды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның Аустрия мен Пәкістандағы жаңа елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды;

Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.