Header Banner

Астанада төрт автобустың жүру бағыты өзгерді

Астанада төрт автобустың жүру бағыты өзгерді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада төрт автобустың жүру бағытына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.

«№ 2, 56, 71, 121 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді», делінген хабарламада.

Өзгертілген қозғалыс сызбасын мына суреттерден көруге болады.

Еске салсақ, ертең 29 қараша күні қаладағы қоғамдық көлікпен қатынау тегін.