Header Banner

Астанада 29 қараша күні қоғамдық көлікпен қатынау тегін болады

Астанада 29 қараша күні қоғамдық көлікпен қатынау тегін болады
Фото: Астана қаласы әкімдігі

29 қараша күні мәслихат депутаттарын сайлау күні Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде, қалалық, экспресс және қала маңына қатынайтын автобустарда жол жүру тегін болады, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікті ақысыз пайдалана алады. Бұл шара азаматтардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау және сайлау учаскелеріне жылдам жетуіне мүмкіндік беру үшін қабылданды.

Қоғамдық көлік белгіленген кестеге сәйкес, сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін әдеттегі режімде жұмыс істейді.

30 қарашадан бастап қоғамдық көлік қалыпты режимде қатынайды. Жолаушылар жол жүру уақытын жоспарлау кезінде осы жайтты ескерген жөн.