Header Banner

Елордада адвокат алаяқтық жасауға оқталғаны үшін сотталды

Елордада адвокат алаяқтық жасауға оқталғаны үшін сотталды
Фото: freepik.com

Адвокат мемлекеттік органдарда таныстары бар деген сылтаумен қорғауындағы әйелдің ірі мөлшердегі ақшасын жымқыруға оқталған, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы прокуратурасына сілтеме жасап.

Әйел ұсталғаннан кейін адвокат бұлтартпау шарасын жеңілдетіп, күзетпен ұстауды үйқамаққа ауыстыру мәселесін «шешіп беруді» ұсынып, 7 млн теңге талап еткен.

Әйел заңсыз мәмілеге барудан бас тартып, құқық қорғау органдарына жүгінген. Жедел іс-шаралар барысында адвокат ақшаны алған бойда қылмыс үстінде ұсталған.

Сот үкімімен оған адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, Ішкі істер министрлігі студенттерге үндеу жасады.