26 қарашада тергеу сотының санкциясымен «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының өндіріс жөніндегі бас директоры К. Омарбековке және департаментінің бас менеджері Е. Байқұловқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алынды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Шешім тағылған айып бойынша іс-әрекеттердің сипаты мен ауырлығы ескеріле отырып, сондай-ақ ықтимал сыбайластар мен куәларға қысым көрсетуге, дәлелдемелер мен қылмыстық жолмен алынған мүлікті жасыруға жол бермеу мақсатында қабылданды» - делінген хабарламада.
Қазір істің барлық мән-жайын анықтау үшін процестік әрекеттер қолға алынған.
Комитеттің мәлімдеуінше, тергеуге қатысты мәліметтер жарияланбайды.