Header Banner

Астанада тұмаудың таралуына жол бермеу үшін қандай шаралар қолға алынды

Астанада тұмаудың таралуына жол бермеу үшін қандай шаралар қолға алынды
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада жедел респираторлық вирустық инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Қаладағы медициналық ұйымдар тұрғындарға уақытылы медициналық көмек көрсету және инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта елордада 2026–2027 жылдардағы эпидемиологиялық маусым аясында ЖРВИ мен тұмауға қатысты жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіледі. 

Тыныс алу жолдарында инфекциясы белгісі бар тұрғындарды уақтылы қабылдау үшін қалалық медициналық ұйымдарда сүзгі кабинеті мен шұғыл көмек көрсету кабинеті жұмыс істейді. Онда науқастар медициналық тексеруден өтіп, қажетті көмек ала алады.

Кабинеттердің жұмыс кестесі төмендегідей:

* Жұмыс күндері – сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін;

* Демалыс және мереке күндері – сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін.

Айта кетейік, тұмаудың алдын алудың негізгі тәсілінің бірі – вакцинация.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарға ЖРВИ мен тұмаудан сақтану үшін бірқатар профилактикалық шараларды ұстануды ұсынады. Атап айтқанда, қолды жиі жуу, бөлмені үнемі желдету, ауру белгісі бар адамдармен байланыстан мүмкіндігінше аулақ болу және өз бетінше емделмеу қажет.

Ал тыныс алу жолдары инфекциясының алғашқы белгісі байқалған жағдайда медициналық көмекке уақытылы жүгіну ұсынылады.

Еске салаа кетсек, елімізде ЖРВИ жұқтыру көрсеткіші 44 пайызға төмендеді.