Ел чемпионатының үшінші жарыс күнінде әйелдер арасында 57, 61, 69 және 77 келіде жүлде сарапқа салынды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Бүгінгі жарыс күнінде жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Аянат Жұмағали сынға түсіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

«Азиададан кейін 1-2 күн тынығып, бірден әлем чемпионатына дайындалып кеттім. Енді міне жаһандық додадан кейін Қазақстан чемпионатына қатысып жатырмын. Жарыс барысы аса қиын болмады. Бүгін кезекті рет алтын жүлдені жеңіп алдым. Енді ары қарай тағы да оқу-жаттығу жиынына аттанамын», - деді Аянат Жұмағали.
Ал 69 келіде Астана қаласының өкілі, 14 жастағы Маргарита Ермакова топ жарды.
«Дәл осы ел чемпионатына арнайы дайындалдым. Сондықтан ойлаған жоспарым толықтай жүзеге асты. Енді босаңсымай, алға бұдан да жоғары мақсаттар қоямын», - деп Маргарита Ермакова өз ойымен бөлісті.
57 келі. Қоссайыс қорытындысы
1-орын. Екатерина Алякина (Қарағанды обл) - 180 келі (80+100)
2-орын. Карина Кодирова (Қарағанды обл) - 163 келі (70+93)
3-орын. Елена Белокопытова (Ақмола обл) - 156 келі (71+85)
61 келі. Қоссайыс қорытындысы
1-орын. Инабат Өмірзақ (Қызылорда обл) - 166 келі (71+95)
2-орын. Виолетта Какалова (Қостанай обл) - 152 келі (67+85)
3-орын. Софья Мухина (Жетісу обл) - 147 келі (64+83)
69 келі. Қоссайыс қорытындысы
1-орын. Маргарита Ермакова (Астана қ) - 212 келі (94+118)
2-орын. Алтынай Тәңірбергенова (Қызылорда обл) - 198 келі (86+112)
3-орын. Дарья Балабаюк (Қарағанды обл) - 197 келі (88+109)
77 келі. Қоссайыс қорытындысы
1-орын. Аянат Жұмағали (Алматы қ) - 218 келі (98+120)
2-орын. Аружан Дәулетова (Шымкент қ) - 181 келі (81+100)
3-орын. Софья Шалгина (ШҚО) - 173 келі (79+94)
Ертең 70 және 75 келіде ерлер жарыс жолына шығады.