Header Banner

Жұмыссыз ретінде тіркелмеген азамат жұмыс іздей ала ма - Еңбекмин түсіндірмесі

Бүгін, 20:05
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Жұмыссыз ретінде тіркелмеген азамат жұмыс іздей ала ма - Еңбекмин түсіндірмесі
Фото: Magnific.соm

Жұмыссыз мәртебесі жоқ азаматтың жұмыс іздеу құқығы шектелмейді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

Мамандардың түсіндіруінше, жұмыссыз ретінде тіркелу мен жұмыс іздеуші ретінде тіркелу – екі бөлек ұғым. Жұмыссыз мәртебесі, негізінен, тұрақты жұмысы мен табысы жоқ азаматтарға беріледі. Ал тұрақты төлем алып отырған кейбір азаматтар жұмыссыз ретінде емес, жұмыс іздеуші ретінде тіркеле алады.

Мәселен, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алатын азаматтар мен арнайы әлеуметтік төлем алушылар осы санатқа жатады. Бұл – тек тіркелу мәртебесіне қатысты айырмашылық. Ең бастысы, олардың жұмыс іздеу құқығы шектелмейді.

Олар бұрынғыдай Мансап орталықтарына жүгініп, бос жұмыс орындары туралы ақпарат ала алады және өз біліктілігі мен тәжірибесіне сай жұмыс табуға көмек ала алады.