«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Орал қалалық полиция басқармасы құқық бұзушылық жиі тіркелетін ойын-сауық орындарын анықтады. Соның бірі – қаланың Жеңіс шағын ауданында орналасқан, таңғы сағат 06:00-ге дейін жұмыс істейтін SKY дәмханасы, деп хабарлайды Elordainfo.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жыл басынан бері аталған мекемеге қатысты түнгі және таңғы уақытта полицияның 102 қызметіне 70-ке жуық шақырту түскен. Сонымен қатар дәмханада 10 қылмыс тіркеліп, бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.
«Осы деректерді ескере отырып, Орал қалалық полиция басқармасы тиісті органдарға бірлескен тексеру жүргізу туралы ұсыныс жолдады. Нәтижесінде қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдерімен бірлесіп тексеру жүргізілді. Тексеру барысында бірқатар заң бұзушылық анықталып, кафенің қызметі тоқтатылды», делінген хабарламада.
Еске салсақ, ШҚО-да сынып жетекшісін балағаттан оқушыға айыппұл салынды.