Header Banner

Алматы тұрғыны Қытайға алты келіге жуық алтынды заңсыз әкетпек болған

Алматы тұрғыны Қытайға алты келіге жуық алтынды заңсыз әкетпек болған
Фото: primeminister.kz

Алматы қаласының тұрғыны «Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығы» кеден бекеті арқылы аса ірі мөлшердегі бағалы металды заңсыз өткізбек болған, деп хабарлайды Elordainfo.kz Жетісу облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Ол кеден мен шекара бақылауынан жасыру үшін алтын құймаларды жабысқақ таспа көмегімен денесіне жабыстырып алып жүрген. Тексеру барысында контрабандалық тауар әшкереленіп, уәкілетті орган қызметкерлері оны тәркіледі.

Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының экономикалық контрабанда жасағанын дәлелдеді.

Панфилов аудандық сотының үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, 488 млн теңгенің 5 келі 764 грамм алтыны мемлекет меншігіне алынды.

Еске салсақ, ШҚО-ның Жарма ауданында қылмыстық топ заңсыз алтын өндіргені анықталды.