Header Banner

Астанада ірі бизнеске 4,7 млрд теңге қосымша салық есептеу заңды деп танылды

Бүгін, 12:54
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астанада ірі бизнеске 4,7 млрд теңге қосымша салық есептеу заңды деп танылды
фото: Оңалхан Өнерхан

Елорда прокуратурасы ірі бизнеске 4,7 млрд теңгеден астам сомаға қосымша салық салудың заңдылығын тексерді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы прокуратурасына сілтеме жасап. 

Тексеру нәтижелері бойынша бизнес субъектісіне 4,7 млрд теңгеден астам сомаға қосымша салық есептелді.

Салық төлеуші жоспардан тыс тексеру тағайындауды заңсыз деп тану үшін сотқа жүгінді.

Сот шешімімен талап қанағаттандырылды.

Прокуратура іс материалдарын зерделей келе, уәкілетті орган шешімнің негізінде Салық кодексінің 145-бабына сәйкес тексеру жүргізуге құқылы деген қорытындыға келді және актіге апелляциялық өтінішхат енгізді.

Апелляциялық алқаның қаулысымен акт күші жойылып, мемлекеттің мүддесі 4,7 млрд теңгеге қорғалды.