Header Banner

Қарағанды облысында браконьерлерден 2,5 тонна шаян тәркіленді

Қарағанды облысында браконьерлерден 2,5 тонна шаян тәркіленді
Фото: ІІМ

Қарағанды облысында заңсыз шаян аулап, оны сатумен айналысқан ұйымдасқан топтың жолы кесілді. Приозерск қаласында сегіз күдікті ұсталып, заңсыз ауланған 2,5 тоннадан астам шаян тәркіленді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңсыз әрекетті Қарағанды облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықтады.

Приозерск қаласында 23 пен 50 жас аралығындағы сегіз адам ұсталды. Олар шаянды заңсыз аулап, аса ірі мөлшерде сатумен айналысты деген күдікке ілінді.

Полицейлер 2 557 келі шаян тәркіледі. Сонымен қатар 115 паллет, заңсыз ауланған өнімді тасымалдауға пайдаланылған деген болжаммен жүк көлігі мен «ГАЗель» алынды.

Күдіктілердің әрекетінен мемлекетке 20 миллион теңгеге жуық көлемінде залал келтірілген.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған сегіз адамның екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ заңсыз әрекетке қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғаларды анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.

Еске салсақ, Қызыл кітапқа енген 11 ителгіні контрабандалық жолмен шетелге әрекпен болғандар ұсталды.