Header Banner

Дохада ауыр атлетикадан өтетін іріктеу турнирінде екі қазақстандық спортшы бақ сынайды

Дохада ауыр атлетикадан өтетін іріктеу турнирінде екі қазақстандық спортшы бақ сынайды
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

7-16 желтоқсан аралығында Қатардың Доха қаласында ауыр атлетикадан 2028 жылы Лос-Анджелесте (АҚШ) өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) жариялаған қатысушылардың алдын ала тізіміне сәйкес, Қазақстан атынан екі спортшы бақ сынайды. Алексей Чуркин 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетсе, Любовь Ковальчук 86 келіден жоғары салмақта сынға түседі.

Аталған турнир Олимпиадаға іріктеу кезеңдерінің бірі болмақ. Спортшылар мұнда рейтингтік ұпай жинап, сол ұпайлар 2028 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама бөлуде есепке алынады.

Комитеттің мәліметінше, қатысушылар тізімі әлі нақты емес. Сондықтан жарыс басталғанға дейін оған өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Еске салсақ, әскери қызметші джиу-джитсудан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.