Астанада Абылай хан даңғылындағы бес қабатты тұрғын үйден шыққан өрттен зардап шеккен бала көз жұмды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Абылай хан даңғылы, 20А мекенжайында болған өрт салдарынан қаланың ауруханаларына шұғыл медициналық жедел жәрдем арқылы бір ересек адам мен бес бала жеткізілді. Алдын ала диагноз – ауыр дәрежелі көміртек тотығымен улану. Барлығы анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне емдеуге жатқызылды. Олардың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. 2014 жылы туған бір қыз бала өте ауыр жағдайда жеткізіліп, жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан көз жұмды. Зардап шеккендердің бәріне қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - деп жазылған Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарламасында.
Бұған дейін астаналық құтқарушылар тұрғын үйдегі өрт кезінде 40 адамды эвакуациялағанын жаздық.