Қызылорда облысында жаңа туған сәбиді медициналық мекемеге жедел жеткізу үшін ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» әуе кемесімен арнайы санитарлық рейс орындалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тікұшақ «Қызылорда – Қазалы – Қызылорда» бағыты бойынша ұшып, жаңа туған сәбиді Қызылорда қаласына жеткізді.
Бортта әуе кемесінің экипаж мүшелері мен медицина қызметкерлері болды. Олар тасымалдау барысында сәбиге қажетті медициналық сүйемелдеуді қамтамасыз етті.
Бұған дейін ТЖМ тікұшағы науқасты Есілден Көкшетауға шұғыл жеткізгені хабарланған еді.