1 қазаннан бастап пойыз билеттері уақытша 10%-ға арзандайды

1 қазан, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
1 қазаннан бастап пойыз билеттері уақытша 10%-ға арзандайды
Фото: ҚТЖ

Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойыздарының билеттеріне жеңілдік енгізілетінін жариялады. 2026 жылғы 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін жол жүру құны 10%-ға төмендетіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жеңілдік Ұлттық тасымалдаушы пойыздарындағы барлық вагон түрлеріне, сондай-ақ, қала маңындағы пойыздарға қолданылады. Осылайша, жолаушылар күзгі-қысқы кезеңде сапарға шығу үшін билеттерді төмендетілген бағамен сатып ала алады.

Билеттер bilet.railways.kz ресми сайтында және теміржол вокзалдарының билет кассаларында қолжетімді.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы, сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Instagram желісіндегі @jolaushylar_tasymaly ресми парақшасынан алуға болады.

Еске салайық, бұған дейін Ұлытау облысында бір күнде төрт теміржол вокзалы ашылғаны туралы жаздық.