Нұржан Батырбеков джиу-джитсудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Бүгін, 12:41
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Нұржан Батырбеков джиу-джитсудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Нұржан Батырбеков джиу-джитсудан Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері атанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Отандасымыз 69 келіге дейінгі салмақтың финалында БАӘ өкілі Ахмед Андизбен жолығып, қарсыласына 2:0 есебімен жол берді.

Осылайша Нұржан Батырбеков Азиаданы күміс медальмен аяқтады. Бұл оның екінші медалі.

Бұған дейін қазақстандық спортшы Ханчжоу-2022 ойындарында алтын алған еді.

Еске сала кетейік, бұған дейін астаналық теннисші Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.