Қазақстандық гимнастар Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жекелей көпсайыстың финалына шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Ақмарал Ерекешева барлық қатысушының арасынан үздік нәтиже көрсетті. Ол төрт жаттығудың қорытындысы бойынша 111,35 ұпай жинады. Отандасымыз шығыршықпен орындалатын жаттығуда 28,60, доппен 27,30, ұршықтармен 27,75, таспамен 27,70 ұпайға ие болды.
Еліміздің тағы бір өкілі Айбота Ертайқызы іріктеу кезеңін төртінші орынмен аяқтады. Оның жалпы ұпайы – 106,55. Гимнаст шығыршықпен орындалатын жаттығуда 27,65, доппен 26,55, ұршықтармен 24,85 және таспамен 27,50 ұпай жинады.
Жекелей көпсайыстың финалына іріктеу кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен он гимнаст жолдама алды.
Бұл бағдарламадағы жүлделер 3 қазанда сарапқа салынады.
Еске салсақ, Ажар Асхат дзюдодан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.