Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында бассейндік инспекциялар Төтенше жағдай департаменттері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп 1395 тірек гидротехникалық құрылысына зерделеу жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Зерттеу қорытындысы бойынша 581 ГТҚ жөндеуді талап ететіні анықталды. Инспекциялар реконструкциялау, жөндеу және әзірлеу, сондай-ақ тасқын суларды қауіпсіз өткізу үшін іс-шараларды жүргізу бойынша меншік иелеріне ұсынымдар берді. Осы ұсынымдарға сәйкес қазіргі уақытта 69 ГТҚ-да меншік иелері қайта құру, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Былтыр 79 ГТҚ жөнделді», - деді Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.