Астанада түнгі уақытта көлікпен дрифт жасап, жол ережесін бұзған 22 жастағы жүргізуші 20 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы ПД сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, оның қауіпті әрекеттерінен жол жабыны да бүлінген.
Тексеру кезінде жүргізушінің көлік жүргізу құқығы жоқ екені анықталды. Осыған байланысты бірнеше жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды.
Сондай-ақ көлігін жүргізуші куәлігі жоқ адамға берген иесіне де шара қолданылды. Ал BMW көлігі айып тұрағына жеткізілді.