Су ресурстарын есепке алу үшін «Qazsu» ақпараттық жүйесі іске қосылды, деп хабарлады Elordainfo.kz ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясына сілтеме жасап.
Су саласындағы есепке алу суды пайдалану және су бұру туралы статистикалық мәліметтерді, процестерді цифрландыруды, су кадастрын жүргізуді қамтиды. Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті мемлекеттік Су кадастрын жаңартып, шығаруды жүзеге асырды, Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығымен бірлесіп «Qazsu» жүйесінде есептерді толтыру және қалыптастыру бойынша жұмыстар, тұрақты негізде ақпаратты жаңарту және толықтыру бойынша жұмыстар жүргізеді.
«Qazsu» жүйесінде республиканың су нысандарының ақпараттық картасы іске қосылды, онда зерттелген өзендер мен көлдер паспорттық деректермен белгіленді. Бұл жүйе Qazsu.gov.kz. мекен жайы бойынша көпшілікке қол жетімді», - деді Комитет төрағасы Сейілбек Нұрымбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Еске салайық, бұған дейін 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық: 69 гидротехникалық құрылыс жөнделіп жатқанын хабарладық.