08.12.2025
RU
Мәзір

Астанада әскери қызметкер сот арқылы еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақысын алуға қол жеткізді

|
Астанада әскери қызметкер сот арқылы еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақысын алуға қол жеткізді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Азамат Т. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына ҚР Қорғаныс министрлігіне қатысты талаппен жүгінді, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана соттарына сілтеме жасап. 

Талап қоюшы Қорғаныс министрлігінің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тарту түріндегі әрекеттерін заңсыз деп тануды және уәкілетті органды еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындауға міндеттеуді сұрады.

Сот талқылауы барысында анықталғандай, Т. 1994 жылғы қаңтардан 2017 жылғы қазанға дейін әскери қызмет атқарған, «прапорщик» әскери атағы болған және қызметтен теріс негіздер бойынша босатылған.

2025 жылғы ақпанда Т. Қорғаныс министрлігіне қызметтен босату туралы бұйрыққа өзгерістер енгізу және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындау туралы өтінішпен жүгінген. Алайда қызметтік тергеу материалы жойылғандықтан, босату мән-жайларын анықтау мүмкін емес болғандықтан оған бас тартылған.

Тараптар ұсынған дәлелдемелерді зерттей келе, сот талап қоюшының жеңілдікті есептеуде 25 жыл 6 ай 14 күн еңбек сіңіргені, сондай-ақ еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алуға құқығын қамтамасыз ететін жас шамасы бар екенін анықтады.

Сот қолданыстағы заңнамада қызметтен босату негіздеріне байланысты әскери зейнетақы алуға шектеулер көзделмегенін атап өтті. Бұдан бөлек, талап қоюшы 45 жасқа толған кезде қызметтен шекті жасқа жетуіне байланысты босатылуға тиіс болған, алайда аталған рәсім уақытылы жүргізілмеген, бұл оның зейнетақымен қамтамасыз етілу құқығының бұзылуына әкеп соққан.

Іс материалдарын қарау нәтижесінде сот Қорғаныс министрлігінің зейнетақы тағайындаудан бас тартуын негізсіз әрі заңсыз деп таныды.

Осыған байланысты сот ҚР Қорғаныс министрлігін Т.-ға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін сот айқындаған құқықтық ұстанымға сәйкес тағайындауға міндеттеді.

Сот шешімімен әкімшілік талап қою қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Айта кетейік, бұған дейін әскери қызметшілердің жалақысы 50 пайызға өсетінін хабарлаған едік. 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗