Header Banner

Екібастұзда құны 515 млн теңгеден асатын су нысандары мемлекетке қайтарылды

Бүгін, 17:27
Думан Аманжол Думан Аманжол
Екібастұзда құны 515 млн теңгеден асатын су нысандары мемлекетке қайтарылды
Фото: istockphoto.com

Павлодар облысында жалпы құны 515 млн теңгеден асатын су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттік меншікке қайтарылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, Екібастұз қаласының прокуратурасы мемлекеттік су шаруашылығы құрылыстарын сенімгерлік басқаруға беру кезінде заң бұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, сорғы станциялары мен құбырлар заң талаптарын бұза отырып, уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілмей, жеке басқарушыға берілген.

«Бұл ретте нысандар коммерциялық мақсатта пайдаланылғанымен, мемлекет оларды пайдаланудан тиесілі таза кіріс алмаған», - делінген хабарламада.

Прокуратураның ұсынуы негізінде сенімгерлік басқару шарттары бұзылып, жалпы құны 515 млн теңгеден асатын су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Алдағы уақытта аталған нысандар қайтадан конкурсқа шығарылып, оларды пайдаланудан түсетін таза кірісті бес жыл бойы мемлекеттік бюджетке аудару міндетті шарты белгіленбек.

Еске салсақ, үш микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылғанын жаздық.