Header Banner

Елордада көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Бүгін, 16:22
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
Фото: magnific.com

Астанада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында полиция қызметкерлері бақылау жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ә.Нұршайықов көшесінің бойында полиция қызметкерлері Toyota маркалы автокөлігін тоқтатты.

Тексеру барысында жүргізушінің бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Соған қарамастан, ол қайтадан рөлге отырған.

«Аталған дерек бойынша жүргізуші ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 3-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды», - делінген хабарламада.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және көлік басқару құқығынан айырылған жағдайда рөлге отырмауға шақырады.

Еске сала кетейік, Астанада бір жыл бойы жол ережесін бұзбаған жүргізушілер марапатталды.