Header Banner

Астанадағы балабақшаларда 200 кітап оқу клубы ашылады

Бүгін, 15:45
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанадағы балабақшаларда 200 кітап оқу клубы ашылады
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астананың 100 балабақшасында 1 желтоқсаннан бастап 200 кітап оқу клубы жұмысын бастайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әр балабақшада екі бағыт бойынша клуб жұмыс істейтін болады: «Кітап оқитын педагог» және «Кітап оқитын отбасы». Клубтарда педагогтер мен ата-аналар бірлесіп кітап оқып, балаларға үлгі көрсетеді. 

Осылайша, балалар кітап оқу мәдениеті қалыптасқан ортада тәрбиеленіп, кітапқа деген қызығушылығы артады.

Бастама мектепке дейінгі жастағы балалардың кітапқа тұрақты қызығушылығын арттыруға, оқу мәдениетін қалыптастыруға және балабақша мен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі бастамаларын іске асыру және зерделі ұлт қалыптастыру мақсатында 2026 жылы еліміздің барлық өңірінде «Кітап оқитын ұлт» жобасы жалғасуда.

Бұған дейін астаналық мектептерде кітап оқу мәдениетін дамытуға арналған арнайы клубтар ашылатынын жаздық.