Header Banner

Күйік асуындағы жол жөндеу жұмыстары: 191 млн теңге бюджетке қайтарылды

Бүгін, 15:57
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Күйік асуындағы жол жөндеу жұмыстары: 191 млн теңге бюджетке қайтарылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Жамбыл көлік прокуратурасы Күйік асуындағы «Ташкент – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас» тас жолының учаскесін жөндеу кезінде материалдар құнының негізсіз қымбаттатылғанын анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

«Тексеру нәтижесінде, жол жамылғысын нығайтуға арналған геотордың нормативтік бағасы 2 579 теңге бола тұра, сметаға шаршы метрі 3 544 теңгеден енгізілгені белгілі болды. Салдарынан жұмыс құны 185,9 млн теңгеге артты.

Прокуратураның араласуынан кейін ҚҚС-ты есепке алғанда бюджетке 191,3 млн теңге қайтарылды», - делінген хабарламада.

Жол жөндеу жұмыстарының заңдылығы мен сапасы прокуратураның бақылауында.

Еске сала кетейік, Ұлытау облысында 7,2 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды.