Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, үш микроқаржы ұйымдары лицензиядан айырылды. Атап айтқанда, «ECKZ» МҚҰ», «Taj Finance» МҚҰ», «М Булақ» МҚҰ», деп хабарлайды Elordainfo.kz агенттікке сілтеме жасап.
Лицензиядан айырылған күннен бастап бұл ұйымдардың микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға, оның ішінде жаңа микрокредиттер беруге құқығы жоқ.
Бұдан бөлек 30 күн ішінде өз атауынан «микроқаржы ұйымы» деген сөздерді алып тастап, қайта тіркеу рәсімін жүргізуге міндетті немесе ұйымды тарату туралы шешім қабылдауы тиіс.
Айта кететіні, қарыз алушылардың қолданыстағы шарттар бойынша міндеттемелері сақталады.