Header Banner

Ақтау қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсталды

Ақтау қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсталды
Фото: magnific.com

Ақтау қаласының аумағында заңсыз құмар ойындары ұйымдастырылған орын анықталып, оның қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап. 
 
2026 жылы сәуір мен қазан айлары аралығында бір топ адам арнайы жабдықталған үй-жайда ойын терминалдарын пайдаланып, ақшалай бәс тігу және құмар ойындарын өткізу арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған.

Тергеу барысында ойын жабдықтары тәркіленді. Мамандардың қорытындысына сәйкес, ақшалай бәс тігудің жалпы сомасы 63 млн теңгеден асқан.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 307-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салсақ, Ақмола облысында құмар ойнаған мемлекеттік қызметшілер анықталды.