Ақмола облысында құмар ойнаған мемлекеттік қызметшілер анықталды

Ақмола облысында құмар ойнаған мемлекеттік қызметшілер анықталды
Фото: pixabay.com

Шортанды ауданының прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуына жүргізілген талдау барысында мемлекеттік қызметшілердің букмекерлік кеңсе арқылы құмар ойындарға және бәс тігуге қатысқанын анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап. 

«Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшінің бірі бірнеше ай бойы букмекерлік кеңсенің мобильді қосымшасы арқылы жүйелі түрде бәс тігіп, ойын шотын 5,7 млн теңгеден астам сомаға толықтырған», делінген хабарламада.

Тексеру нәтижесінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдардың және Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптары бұзылғаны анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, оны қарау нәтижесінде кінәлі тұлғаларға тәртіптік шаралар қолданылды. 

Еске сала кетсек, Сарыағашта жұмыс уақытында құмар ойынына қатысқан 4 қызметкер лауазымынан босатылды.