Сарыағашта жұмыс уақытында құмар ойынына қатысқан 4 қызметкер лауазымынан босатылды

Сарыағашта жұмыс уақытында құмар ойынына қатысқан 4 қызметкер лауазымынан босатылды
Фото: magnific.com

Сарыағаш ауданының прокуратурасы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жұмыс уақытында құмар ойындарға қатысу фактісін талдау нәтижесінде анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz  Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Талодаң заңнама талаптарын, қызметтік тәртіпті және мемлекеттік қызметшілерге қойылатын шектеулерді сақтауына қатысты жүргізілді. 

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша прокуратура тарапынан прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, оны қарау нәтижесінде мемлекеттік органдардың 4 қызметкері атқарып отырған лауазымынан босатылды.

Облыстық прокуратураның мәлімдеуінше, аталған әрекеттер мемлекеттік қызмет қағидатына, қызметтік әдеп талабына қайшы келеді және мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтіреді.

Еске сала кетсек, Астана тұрғыны арнайы лицензиясыз ойын бизнесі саласында қызмет ұйымдастырған.