1 желтоқсанда Бейжіңде (Қытай) қысқа қашықтықта жүзуден (25 м) әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Аталған байрақты бәсекеде еліміздің намысын төрт спортшы қорғайды.
Жарысқа қатысатын ұлттық құраманың тізіміне Ғалымжан Балабек, Ксения Игнатова, Глеб Коваленя, Әділбек Мусин кірді.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 6 желтоқсанға дейін жалғасады.
Еске салсақ, елордалық зілтеміршілер Қазақстан чемпионатында үш медаль жеңіп алды.