Қазақстан бокс құрамасының бапкерлер штабы World Boxing ұйымдастыруымен 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Ташкентте (Өзбекстан) өтетін әлем кубогының соңғы кезеңіне қатысатын спортшылардың тізімін бекітті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Бұл жарыста ел намысын 11 боксшы қорғайды.
Ерлер
- Даниял Сәбит (50 келіге дейін)
- Фарух Тоқтасынов (70 келіге дейін)
- Аман Қонысбеков (75 келіге дейін)
- Диас Молжігітов (80 келіге дейін)
- Сұлтанбек Айбарұлы (85 келіге дейін)
- Дәулет Төлемісов (90 келіге дейін)
Оқи отырыңыз: Женевада шахматтан әлем чемпионаты басталды
Әйелдер
- Карина Ибрагимова (57 келіге дейін)
- Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін)
- Шұғыла Нәлібай (75 келіге дейін)
- Валерия Аксенова (80 келіге дейін)
- Дина Исламбекова (80 келіден жоғары)
Айта кетейік, финалдық жекпе-жектер 3 желтоқсанда өтеді. Әлем кубогының қорытынды кезеңіне 31 елдің боксшылары қатысады.