Header Banner

Қазақстан құрамасы гандболдан Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Бүгін, 13:03
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қазақстан құрамасы гандболдан Азия чемпионатын жеңіспен бастады
Фото: ҰОК

Алматыда әйелдер арасында гандболдан Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі алғашқы кездесуінде Аустралия командасынан басым түсті. Матч 37:18 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, құрлықтық додада Қазақстан құрамасы В тобына түсті. Бұл топта Оңтүстік Корея, Өзбекстан және Үндістан құрамалары да бар.

Қазақстандық гандболшылар келесі кездесуін бүгін, 24 қарашада, Үндістан құрамасына қарсы өткізеді.

Азия чемпионаты 3 желтоқсанға дейін жалғасады. Жарыстың үздік төрт командасы 2027 жылы Венгрияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.

Еске салсақ, Қазақстан Қарулы күштерінің құрамасы халықаралық жарыста жеңімпаз атанды.