Астанада волейбол спортын дамыту, жас спортшыларды даярлау және спорттық резервті қалыптастыру бағытында маңызды қадам жасалды. Осы мақсатта №5 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, QAZAQSTAN SPORT LIGA FEDERATION және SANA SPORT ұйымдары арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Меморандумның негізгі мақсаты – волейболды дамытуға бағытталған жүйелі жұмыс қалыптастыру, жас спортшылардың кәсіби өсуіне жағдай жасау және олардың спорттық әлеуетін толық ашуға мүмкіндік беру.
Құжат аясында тараптар оқу-жаттығу үдерісінің сапасын арттыру, жаттықтырушылар құрамының кәсіби біліктілігін жетілдіру, спорттық инфрақұрылым мен материалдық-техникалық базаны дамыту бағыттарында бірлесіп жұмыс істеуге ниетті.

Сонымен қатар дарынды жас спортшыларды анықтау, олардың жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарына қатысу мүмкіндіктерін кеңейту, болашақта жоғары деңгейдегі командаларға спортшылар даярлау мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Бұл меморандум – үш ұйымның ортақ мақсат жолындағы серіктестігін нығайтып, қазақстандық волейболдың дамуына үлес қосуға бағытталған маңызды бастама.

Тараптар бірлескен жұмыстың нәтижесінде жас буынның спорттағы мүмкіндіктерін кеңейтіп, волейболдың дамуына жаңа серпін беруді көздейді.
Астана волейбол федерациясының демеушілері – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры және «Sport Qory» туризм мен спорт индустриясын қолдау қоры.
*жарнамалық материал