Header Banner

Қазақстандағы мобильді интернет орташа әлемдік деңгейден үш есе арзан – министр

Бүгін, 10:29
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстандағы мобильді интернет орташа әлемдік деңгейден үш есе арзан – министр
Фото: Оңалхан Өнерхан

Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында мобильді интернеттің қолжетімділігі және халық үшін тарифтер мен салаға инвестициялар арасындағы теңгерімді сақтау қажеттігі туралы баяндады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Министрдің мәліметінше, қарашадағы рейтингте Қазақстан интернеті жылдам 55 елдің арасында мобильді интернет тарифінің қолжетімділігі жағынан 7-ші орында тұр. Елімізде мобильді байланыстың орташа тарифі айына шамамен $10. Əлемдік орташа көрсеткіш – $27.

Бұл ретте интернет-трафик көлемі өсіп келеді. Байланыс жылдамдығын арттырып, 5G желісін кеңейту үшін операторлар желіге инвестиция салуы керек.

«Балансты сақтау маңызды. Тарифтер халыққа қолжетімді, ал байланыс саласы инвесторлар үшін тартымды болып қалуы тиіс», - деп атап өтті Жаслан Мәдиев.

Еске сала кетейік, Үкімет отырысында байланыс саласынын дамыту мәселелері қаралды.