Header Banner

Үкімет отырысында байланыс саласынын дамыту мәселелері қаралды

Бүгін, 10:14
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Үкімет отырысында байланыс саласынын дамыту мәселелері қаралды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындап берген бірқатар міндеттер аясында телекоммуникациялық инфрақұрылымды цифрлық экономиканың негізі ретінде дамыту мәселесі қаралуда, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында халықтық цифрлық экономика құруға бағытталған бірқатар міндеттерді айқындап берді. Оның қалыптасуы тікелей телекоммуникациялық инфрақұрылымның дамуына байланысты», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев саланың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы баяндады.

Оның айтуынша, телекоммуникация саласына салынатын инвестициялар тұрақты түрде өсіп келеді. Егер 2024 жылы олардың көлемі 357 млрд теңге болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 482 млрд теңгеге жетті. Болжам бойынша, 2026 жылы инвестиция көлемі 500 млрд теңгені құрамақ.

Еске сала кетейік, Президент халықтық цифрлық экономиканы дамыту жоспарын әзірлеуді тапсырды.