Header Banner

WADA президенті Витольд Банька Астанаға келді

Бүгін, 16:31
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
WADA президенті Витольд Банька Астанаға келді
Фото: akorda.kz

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті Витольд Банька Астанаға келіп, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновпен кездесті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен WADA арасындағы ынтымақтастықты, допингке қарсы білім беру жұмыстарын дамыту және спорттағы адалдық қағидаттарын нығайту мәселелерін талқылады.

Витольд Банька 22-27 қараша аралығында Астанада өтіп жатқан WADA-ның басқарушы органдарының отырыстарына қатысады.

Қатысушылар Дүниежүзілік антидопинг кодексін іске асыру, таза спортты қорғау жүйесін дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін қарастырады.

Еске сала кетейік, бұған дейін WADA бас директоры Оливер Неггли Астанаға келген болатын.