08.12.2025
RU
Мәзір

Астанада автобус жарық бағанына соғылды

|
Астанада автобус жарық бағанына соғылды
Фото: t.me/astanovka98

Астанада Ә.Молдағұлова көшесімен келе жатқан жолаушылар автобусының жүргізушісі рулге ие бола алмай, жарық бағанына соғылды. Бұл туралы Elordainfo.kz Астана қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады. ​​​​​​

Полицияның мәліметінше, Iveco маркалы маршруттық автобустың жүргізушісі Ә.Молдағұлова көшесімен келе жатып, жол-көлік және ауа райы жағдайларын ескермей, рулге ие бола алмай, көше жарығы бағанына соғылған.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде екі ересек және бір бала зардап шекті. Зардап шеккендердің барлығын жедел жәрдем бригадалары қалалық ауруханаларға жеткізді.

Оларды бейінді мамандар қарап, ауыр жарақаттардың болмауына байланысты амбулаториялық емделуге жіберді. Оқиға бойынша тексеру жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Бұған дейін Ақтөбе облысында 49 Өзбекстан азаматы болған автобус аударылған болатын. 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗