07.12.2025
RU
Мәзір

Халықаралық еріктілер күні: астаналық волонтерлерге арналған тимбилдинг өтті

|
Халықаралық еріктілер күні: астаналық волонтерлерге арналған тимбилдинг өтті
Фото: Сұлтан Сейіт

Елордада Халықаралық еріктілер күніне орай Volunteer Fest тимбилдинг-жарысы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Іс-шара Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының және «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының қолдауымен өтті. Квест-ойындарға қаланың 50 волонтерлік ұйымының белсенділері қатысты. Қатысушылар ұйымшылдықты, көшбасшылықты және өзара көмекті дамытуға бағытталған сегіз командалық сынақтан өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба еріктілердің әлеуметтік бастамалар саласындағы әріптестігін нығайтуға септігін тигізеді.

«Жалпы Астанада 70-тен аса волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Біздің басты мақсатымыз – олардың арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, тәжірибе алмасу және бейресми атмосферада ынтымақтастықты кеңейту. Volunteer Fest төртінші рет өткізіліп отыр. Ал бұл жолғы іс-шара алғаш рет спорттық форматта өтуде», - деді «Астана жастары» ЖРО жастармен тәрбие жұмысы және құқық бұзушылықтың алдын алу бөлімінің басшысы Арайлым Сапарәлі.

Волонтерлердің өздері бұл формат ең мықтыларды анықтап қана қоймай, көңілді де сергітетінін атап өтті.

«Еріктілікті мейірімділік деуге болады. Жастар белсенді еріктілерді көріп, өздері де жақсылық жасауға тырысады. Біз осындай тимбилдингтерге қатысқанымызға қуаныштымыз. Өткен жылдары мереке концерт форматында өткен еді. Ал биыл спорттық форматта өтуімен ерекшеленіп отыр», - деді экологиялық ұйымның волонтері Бақытгүл Торамиева.

Жеңімпаздар мен қатысушыларға ақшалай және бағалы сыйлықтар, алғыс хаттар табыс етілді.

Жарыс жеңімпаздарын мәслихат депутаттары мен Астана қаласы Қоғамдық кеңес мүшелері марапаттады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше БҰҰ штаб-пәтерінде 2026 жылғы Орнықты даму жолындағы Халықаралық еріктілер жылының (Халықаралық еріктілер жылы) ресми басталуына арналған жоғары деңгейдегі рәсім өткен болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗