Жуалы ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу шараларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеудің сақталуын талдау барысында мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға жүйелі түрде қатысуын анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Жамбыл облысы прокуратурасына сілтеме жасап.
Анықталғандай, жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары букмекерлік кеңсенің мобильді қосымшасы арқылы тұрақты түрде ақшалай бәс тіккен.
2024 жылғы 9 қыркүйектен бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуына заңнамалық тыйым салынған. Белгіленген шектеуге қарамастан, лауазымды тұлғалар құмар ойындарға қатысуды жалғастырып, осылайша заңнама талаптарын бұзып, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіріп, азаматтардың сеніміне селкеу түсірген.
Мысалы, жергілікті атқарушы органның бір бас маманы ойын шотына 23 млн теңгеден астам қаражат аударған.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша тәртіптік комиссияның шешімімен 4 мемлекеттік қызметші теріс себептермен жұмыстан босатылды.
Еске салсақ, Ақтау қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсталды.
Жамбыл облысында құмар ойындарға қатысқаны үшін 4 мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды
Бүгін, 12:06
Фото: pixabay.com
Ұқсас жаңалықтар
26 қараша, 2026
Түркістанда Конституция аллеясының капсуласы салынды
26 қараша, 2026
Түркістанда «Мәдениеттер диалогы 2026» халықаралық симпозиумы басталды
26 қараша, 2026
Алматы облысында заңсыз берілген 100 гектар жер мемлекетке қайтарылды
26 қараша, 2026
Ақтөбеде 5 мың орындық әмбебап спорт кешенін салуға 18,8 млрд теңге бөлінді