07.12.2025
RU
Мәзір

Қытайда «Шыңжаң – Орталық Азия жастары» өнер фестивалі өтіп жатыр

|
Қытайда «Шыңжаң – Орталық Азия жастары» өнер фестивалі өтіп жатыр
Фото: Uza

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық өлкесінің Қорғас қаласында «Шыңжаң – Орталық Азия жастары өнер фестивалі» өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz «ӨзА» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Өзбекстандық БАҚ-тың мәліметінше, үш күнге созылатын іс-шараға Қытай, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Түркіменстаннан жүзге жуық жастар қатысып жатыр.

Фестиваль Орталық Азия өнері көрмесімен ашылды. Экспозицияға қойылған суреттер өркениеттер арасындағы өзара алмасу үдерістерін бейнелейді.

«Бұл фестиваль серіктес мемлекеттер жастары арасындағы өзара құрметті арттырып қана қоймай, тиімді тәжірибе алмасуға арналған ерекше алаң болып табылады», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Астанада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары марапатталған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗