Header Banner

Жер қойнауын пайдаланушылар тауарды Tizilim платформасынан сатып алады

Жер қойнауын пайдаланушылар тауарды Tizilim платформасынан сатып алады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Отандық өндірісті дамыту және қолдау мәселелері қаралған Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов отандық кәсіпорындардың жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларына қатысуы бойынша қабылданып жатқан шараларға назар аударды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу көлемі өте үлкен. Осы бағытта отандық кәсіпорындарды қалай қолдай аламыз?», - деп сұрады Олжас Бектенов.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев өткен жылы осы бағытта екі маңызды шешім қабылданғанын баяндады.

Біріншіден, жер қойнауын пайдаланушылардың стандартталмаған тауарларды сатып алуы тек Tizilim платформасы арқылы жүзеге асырылады.

Екіншіден, локализацияны дамыту бағдарламалары енгізілді, оларды әзірлеу енді жер қойнауын пайдаланушыларға жүктелді.

Бүгінгі таңда министрлік осындай 60-тан астам бағдарламаны мақұлдады. Қазіргі уақытта лицензиялық міндеттемелер ретінде тиісті талаптарды бекіту мәселесі пысықталуда. Оларды бұзған жағдайда орындамағаны үшін жауапкершілік белгіленеді. Бұл жұмыс министрліктің бақылауында.