Астана қаласының полиция департаменті ақпараты бойынша, бүгін елордада 93 жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Полиция департаменті ауа райының нашарлауына байланысты қала тұрғындарын жолда өте мұқият болуға шақырды.
«Таңертеңнен бастап қалада ауа-райының күрт нашарлауы байқалды. Қалың жауған қар мен мұз жолдарды көрсетпей, аса қауіпті етеді, сондықтан құқық қорғау органдары жол қозғалысының барлық қатысушыларын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Жылдамдық режимін қатаң сақтауды, автомобильдер арасындағы қашықтықты ұлғайтуды, кенеттен маневрлерді, қайта құрулар мен тежеулерді болдырмауды, жаяу жүргіншілер өткелдері мен қиылыстар алдында жылдамдықты алдын ала төмендетуді талап етеді», – деп ескертті тәртіп сақшылары.
Полиция қыста тек қысқы шиналары бар көліктерге жүруге рұқсат етілетінін еске салды.
Еске салайық, Ақтөбе облысында 49 Өзбекстан азаматы болған автобус аударылды. 5 жолаушы оқиға орнында көз жұмды.