Грекиялық «Олимпиакос» футболшылары Чемпиондар лигасының алтыншы турында «Қайратқа» қарсы ойынға Астанаға келді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Олимпиакостың» баспасөз қызметі команданың Қазақстан астанасына келген видеосын өздерінің Instagram сториздерінде жариялап, «Ауа температурасы -4°C» деп жазды.

Айта кетейік, «Қайрат» пен «Олимпиакос» арасындағы ойын 9 желтоқсан сағат 20.30-да «Астана Арена» стадионында өтеді. Матчты Qazaqstan телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.