Шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының алғашқы кезеңіне қатысатын ел құрамасы анықталды

Бүгін, 16:36
Думан Аманжол Думан Аманжол
Шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының алғашқы кезеңіне қатысатын ел құрамасы анықталды
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Қазақстан құрамасы 6-8 қараша аралығында Италияның Бормио қаласында өтетін шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының алғашқы кезеңінде бақ сынайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Алдағы жарысқа қатысатын ұлттық құрама сапына он спортшы кірді.

Қыздар: Даяна Айтыбек, Нұрия Алпысбай, Алина Лишенко, Раяна Манарбекова және Меруерт Сансызбаева.

Ұлдар: Әліби Әлімгереев, Жанарыс Мағжан, Максим Саенко, Жандос Серекпаев, Мейіржан Төлеген.

Еске салсақ, хоккейден Азия чемпионатына қатысатын ел құрамасының тізімі анықталды.