Ұлттық қауіпсіздік комитеті Каспий теңізінің акваториясында халықаралық есірткі арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Elordainfo.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, биыл 1 қарашада Шекара қызметі ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірлесіп, қашып кетуге тырысқан үш шетелдік азаматты, сондай-ақ жағалау аумағында екі қазақстандықты ұстады.
Олардан 22 келі апиын, 27 келі гашиш, 60 келі марихуана және шағын көлемді жүрдек катер тәркіленді.
Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Еске салсақ, Алматыда полиция қызметкерлері синтетикалық есірткі өндіретін шағын есірткі зертханасын анықтады.



