1 келіден аса апиын жұтқан: ирандық есірткі тасымалдаушы 10 жылға сотталды

Бүгін, 15:48
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
1 келіден аса апиын жұтқан:  ирандық есірткі тасымалдаушы 10 жылға сотталды
Фото: freepik.com

Маңғыстау облысында есірткіні асқазанына жұтып тасымалдаған кәмелетке толмаған Иран азаматы 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап. 

Сот анықтағандай, 2026 жылғы мамырда сотталған азамат "Горган – Ақтау" бағыты бойынша әуе рейсімен Қазақстанға келген. Ол асқазанына жалпы салмағы 1 келіден асатын апиын салынған 113 капсуланы жұтып, тасымалдаған.

Есірткі заттарын Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлері анықтап, тәркілеген.

Облыстық прокуратура мемлекеттік айыптауды қолдады. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Прокуратура есірткінің заңсыз айналымы үшін 5 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертті. 

Еске салайық, бұған дейін Астана және Алматы әуежайларында 98 келі есірткі тәркіленгені туралы жаздық.