Каспий теңізінде 126 құқық бұзушы ұсталды - ҰҚК

Каспий теңізінде 126 құқық бұзушы ұсталды - ҰҚК

Қазан айында Каспий теңізінде 126 құқық бұзушы ұсталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Шекара қызметі Каспий теңізінің акваториясындағы заңсыз әрекетті тоқтату үшін белсенді жұмыс жүргіузде.

«Биыл қазан айында мемлекеттік органдармен жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде 126 құқық бұзушы мен 44 шағын кеме ұсталды. 11,5 келі есірткі, 88 шақырым браконьерлік құрал-саймандар тәркіленді. Торлардан табылған 2337 бекіре және балық түрі табиғи мекендеу ортасына шығарылды», делінген хабарламада.

Мемлекетке шамамен 840 млн теңгеден астам шығын келтірілген. Құқық бұзушыларға 4,5 млн теңгеден астам мөлшерде әкімшілік айыппұл салынған. 

Еске сала кетсек, Астана және Алматы әуежайларында 98 келі есірткі тәркіленді.