Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз өсіру және сақтау дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды Elordainfo.kz облыстың полиция департаментіне сілтеме жасап.
Департаменттің мәліметінше, Мұнайлы ауданында полицейлер 40 жастағы ер адам басқарған Renault Sandero көлігін тоқтатқан. Көлікті тексеру барысында жолаушы алдындағы зат салатын бөліктен марихуана салынған пакет табылып, тәркіленді.
Одан әрі полиция Мұнайлы ауданының өнеркәсіптік аймағында есірткі өсімдіктерін өсіруге арнайы жабдықталған үй-жайды анықтады. Тінту кезінде 44 түп қарасора, 13 ультракүлгін шам және 15 таймер құрылғысы табылып, тәркіленді.
Өлшеу актісіне сәйкес, тәркіленген заттар мен өсімдіктердің жалпы салмағы 14 келі 20 грамм.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар есірткі құрамдас өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетсек, Астана және Алматы әуежайларында 98 келі есірткі тәркіленді.