Қаржы министрлігі Tax Free жобасын 2026 жылға дейін ұзартуды, балама оператор ретінде қазақстандық компанияны қосу сонымен қатар, елімізде туризмді дамыту және шетелдік туристерді тарту үшін бірқатар шараларды енгізуді ұсынды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жарияланған құжатқа сәйкес, бұл пилоттық жоба шетел азаматтарына Еуразиялық экономикалық одақ кедендік аумағынан тауарларлы әкеткен кезде ҚҚС-ты өтеуге мүмкіндік береді.
«Жобаның мақсаты Пилоттық жобаны 2026 жылға дейін ұзарту, ағымдағы операторға балама ретінде Қазақстандық компанияны Пилоттық жобаға қосу, пилоттық жобаның географиясын кеңейту, бір кассалық чектегі соманы 10 ең төменгі есептік көрсеткішке дейін азайту», - деп жазылған бұйрық жобасында.
Қаржы министрлігінің бұйрық жобасы 22 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауда болады.
Бұған дейін Астанада арнаулы салық режимі бойынша мөлшерлемелер төмендетілгенін жаздық.